2025 жылдың 23 қазанында Биология және биотехнология факультетінің «6В05108 Биомедицина» мамандығының 1 курс студенттері мен осы топтың кураторы Басыгараев Жандос Махабатович 25 қазан «Республика күніне» орай «Қыран елім - Қазақстаным» атты жалпы ұлттық патриоттық акциясы аясында көркемсөз оқу шеберлері байқауын ұйымдастырды.

.jpeg)
Көркемсөз оқыған студенттер:
Қазақстан – менің мақтанышым. Тарихымыз терең, мәдениетіміз бай, дәстүріміз асыл. Біз осы елдің тірегіміз, патриотымыз. Білім алып, еңбек етіп, елімізді дамыту – біздің басты мақсатымыз. Бірлігіміз – еліміздің ең үлкен күші. Татулық пен достық – біздің жүрегімізде. Біз – қырандай биікке самғайтын ұрпақпыз, армандарымыз бен еңбегіміз арқылы елді гүлдендіреміз. Қазақстаным – сен менің тірегім, сен менің мақтанышым.

Бірлікпен, біліммен, еңбекпен елімді биікке көтеремін! Қыранымыз биікке ұшсын! Қыран елім – Қазақстаным! деп ұрандата отырып, көркем сөздерін оқыды. Арнайы дайындаған презентацияларында Қазақстан Республикасының жетістіктерін ортаға салды.
Басқа жаңалықтар