Ұлттық киімдер апталығын “Менеджмент” кафедрасы қолдайды.
                        22 қазан, 2025                    
                
                Республика күніне орай университетімізде ұлттық киімдер апталығы бастау алды. Апталықтың мақсаты – қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттап, жастардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру. “Менеджмент” кафедрасы бұл игі бастаманы қуана қолдап, студенттер арасында ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыруға үлес қосуда. Мұндай шаралар ел бірлігін нығайтып, ұлттық болмысымызды дәріптеудің тамаша үлгісі болып табылады.