ТДМ 11. Көктөбеге саяхатFarabi University

ТДМ 11. Көктөбеге саяхат

13 қазан, 2025

2025 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ТДМ-11 бағыты бойынша ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен кафедра тыңдаушылары «ӨЛКЕТАНУҒА саяхат» аясында Көктөбеде танымдық саяхат өткізілді. Табиғат аясындағы серуен — тек демалыс емес, бұл тыңдаушылардың жаңа ортаға бейімделуіне, рухани серпіліс алуына үлкен мүмкіндік. Шетелдік студенттерді көркімен тамсандырған осы бір Шаһардың бейнесі, алақандағыдай көрінетін Көктөбенің көрік ертегі әлеміндегідей әсер қалдырды.

Табиғат аясындағы бұл танымдық серуен барысында студенттер қаланың экологиялық жай-күйі туралы мәлімет алып, қалалық кеңістіктің тұрақты дамуымен танысты және табиғи ландшафттардың сақталуы мен қорғалуының маңыздылығына көз жеткізді. Қазақстан табиғатының көркем бейнесіне тәнті болды.

Мақсатықауіпсіз, тұрақты, өмір сүруге қолайлы және экологиялық тұрақты қалалар мен елді мекендерді қамтамасыз ету идеяларын насихаттау, табиғатты қорғау және шетелдік студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету.