Республика рухы - жастар жүрегіндеFarabi University

Республика рухы - жастар жүрегінде

23 қазан, 2025

Тұрақты даму саласындағы мақсатты іске асыру шеңберінде "Сапалы білім беру" бағыты бойынша 25 қазан - Қазақстан Республикасы Күні мерекесіне орай 2025 жылдың 23 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының 1-курс кураторлары Г.М. Сембаева  және Г.М. Конаева  және аға куратор Ж.Н. Казиева 1-курс студенттерімен "Республика рухы - жастар жүрегінде" атты патриоттық негіздегі салтанатты шара өткізді. Шараға кафедраның аға кураторы Ж. Казиева қатысып, студенттерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының тарихына шолу жасап, қойылымдар қойды, отансүйгіштік мәндегі өлеңдер оқып, әндер шырқады. Және мерекеге байланысты алдын-ала дайындаған құттықтау-бейнероликтерін ұсынды.