Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

24 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл және Республика күніне орай «Мемлекеттік егемендік туралы декларация және қазіргі Қазақстан: сын-қатерлері, жетістіктері, тұрақты дамудың ауқымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында еліміздің егемендік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, тәуелсіз Қазақстанның даму бағыттары мен тұрақты өсудің конституциялық негіздері талқыланды.


Іс-шара аясында Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономикалық саясат пен тұрақты дамудың конституциялық принциптері» тақырыбында секциялық отырыс өткізді.

Секция жұмысы барысында экономикалық тәуелсіздік, мемлекеттік басқарудағы тұрақтылық, қаржы жүйесінің тиімділігі және ұлттық даму басымдықтары қарастырылды.

Конференция қатысушылары экономикалық егемендік пен конституциялық тұрақтылықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.