«Кәсіпкерлік: салалық құрылымның ерекшеліктері және кәсіпкерлік капитал»Farabi University

«Кәсіпкерлік: салалық құрылымның ерекшеліктері және кәсіпкерлік капитал»

23 қазан, 2025

ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» мақсаттары аясында 2025 жылғы 23 қазанда Экономика кафедрасы «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттерімен «Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері» пәні шеңберінде дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, кәсіпкерлік капиталдың ұлттық экономикаға ықпалы және отандық өндірушілердің рөлі талқыланды. Студенттер шағын және орта бизнестің, инновациялық кәсіпкерліктің, өңірлік дамудың маңызын атап өтті. «Цесна», «Рахат», «Баян Сұлу», «Food Master», «Saryagash» өнімдері таныстырылды. Қатысушылар кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және отандық брендтерді ілгерілету бағыттарын талқылап, кәсіпкерлік – экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші деген қорытындыға келді.

Ұйымдастырушы: PhD, аға оқытушы Г.К. Иляшова