«Болашақ қаржысы: криптовалюталар, блокчейн және цифрлық ақша» тренингіFarabi University

«Болашақ қаржысы: криптовалюталар, блокчейн және цифрлық ақша» тренингі

23 қазан, 2025

2025 жылғы 16 қазанда Экономика және бизнес жоғары мектебінің факультетінде студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Болашақ қаржысы: криптовалюталар, блокчейн және цифрлық ақша» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шараны Наталья Роменская — Founder & CEO, Қазақстандағы үш банк пен Тәжікстан, Армения және Маврикийдегі банктердің кеңесшісі өткізді. Наталья Роменскаяның PwC консалтинг компаниясында және Ресейдің жетекші банктері — Citibank, Сбербанк, ВТБ — құрамында стратегия және инновациялық технологияларды басқару бағыттарында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Тренинг барысында спикер цифрлық қаржы саласындағы өзекті үрдістермен бөлісіп, криптовалюталардың және блокчейн технологиясының жұмыс істеуінің негізгі аспектілерін түсіндіріп, сондай-ақ әлемдік қаржы жүйесіне цифрлық валюталарды енгізудің болашағын талқылады.
Іс-шара студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, қатысушыларға құнды білім алуға және халықаралық банк тәжірибесінен нақты кейстерді талқылауға мүмкіндік берді.
Соңында Наталья Роменская Экономика және бизнес жоғары мектебінің Деканы м.а. Ж.Ж. Ермекова және «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Р.Б.Сартоваға шақыру мен кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.