Тәуелсіз Қазақстан – менің болашағым
20 қазан 2025 жылы молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттермен бірге куратор Г.Б Сейдахметованың жетекшілігімен 25 қазан Республика күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан – менің болашағым» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы түсінік беріліп, тарихи сананы қалыптастырып, жастардың елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру мақсаты жүзеге асты.
Кураторлық сағат барысында студенттер 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның маңызымен танысты. Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасу жолы, жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, топтық талқылау ұйымдастырылды.
Студенттер Республика күні мерекесінің мәнін терең түсінді.
- Тарихи құжаттармен, маңызды даталармен танысты.
- Азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана, елге деген сүйіспеншілік арта түсті.
- Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, ашық пікір алмасу нәтижелі өтті.

Іс-шара өте мазмұнды, тәрбиелік маңызы зор деңгейде ұйымдастырылды. Республика күні – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі екені студенттерге толықтай жеткізілді. Мұндай кураторлық сағаттар жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы