ҚазҰУ мен Индия Республикасының Ұлттық Кадет Корпусы арасындағы ынтымақтастық

10 наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болғандықтан дүние жүзінің барлық мемелекеттерімен өз-ара сыйластық саясатын ұстанады.

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі дүние жүзінің көптеген мемлекеттерімен, осы қатарда Индия сияқты аса зор мемлекетпен тығыз әскери ынтымақтастық орнатқан.

2015 жылдың басында өзара бітімгершілік және халықаралық ынтымақтастық аясында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасындағы Индия мемлекеті елшілігінің қорғаныс мәселелері бойынша әскери атташесі полковник Л. Лиддер мырза келді.

2015 жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Индия Республикасының Ұлттық Кадет Корпусы (ИРҰКК) арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Меморандумда әл- Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен Индияның ҰКК кадеттерінің өзара алмасу шарасы қарастырылған.

Индияның ҰКК-на ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында оқып жүрген студенттері- Талдыбаев Жанәділ және Отарбаев Байсұлтан 2015 жылдың аяғында барып кайтты.

Қазақстан делегациясына арнап Индия мемлекеті тарапынан құмда түйемен жүру сафариі ұйымдастырылды және арнайы сертификаты тапсырылды.

Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан жоғары оқу орындарының әскери кафедралары бойынша он екі студент және екі оқытушы Нью- Делиге Индия Республикасының күніне орай екінші рет шақырылды.

Бұл жолы да әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері аудармашылық жұмыстағы жоғары деңгейлері мен қатар студенттер әскери дайындықтың да озаты екендіктерін көрсетті.

Қазақстандықтардан басқа Ресей, Вьетнам, Непал, Бутан, Шри Ланка, Бангладеш сияқты мемлекеттерден де делегациялар болды. Студенттер әр түрлі мемлекет өкілдерімен танысып қана қоймай, оңтүстік-шығыс Азия елдерінің әдет-ғұрпынан көптеген қызықты мәлімет жинады.

Шетел делегация өкілдері Индия Республикасы және Индия Армиясы күндері арналған шеруге шақырылды.

Шақырылған қонақтар Нью-Делидегі Делидің ұлттық музейін, Кутуб Минарды, Хумаюн Мазарын, Лотос Храмын және Агра, Жайпур қалаларына барып, әлем ғажайыптары санатына қосылатын Тәж Махал мазарын тамашалады.

Индия мемлекетінің Президентімен, Премьер-министрімен, қорғаныс Министрімен, Индия Армиясының Бас штабы бастығымен, құрлық әскерлері, әскери теңіз күштері және әскери әуе күштері қолбасшыларымен кездесті.

Жастармен алмасу бағдарламасы бойынша ынтымақтастығымыз әскери білім саласындағы біздің жемісті еңбегіміз Қазақстан Республикасы мен Индия Республикасының гүлденуі жолында үлкен серпіліс беретіндігі сенімдіміз.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының оқытушысы

подполковник Смагулова Б.Б.