ҚазҰУ-да Республика күні кең көлемде аталып өттіFarabi University

ҚазҰУ-да Республика күні кең көлемде аталып өтті

25 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық факультеттерінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар кең ауқымда ұйымдастырылды.

Оқу ордасында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен түрлі кураторлық сағаттар, танымдық кездесулер, байқаулар және мәдени бағдарламалар өткізілді.

Басты мақсат — жастардың ел тарихына, мемлекеттік мерекелер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, патриоттық рухты нығайту.

Университеттің ұжымы мен студенттері Республика күні қарсаңында еліміздің егемендік жолындағы тарихи белестерді еске алып, мемлекет дамуының басты кезеңдері туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Факультеттерде өткен ашық кураторлық сағаттарда тәуелсіздік идеялары мен ұлттық бірлік тақырыбы талқыланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері баяндалды.

Мәдени бағдарлама барысында білім ордасының өнерпаз студенттері патриоттық әндерден шашу шашты.

Айта кетейік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күніне орай арнайы апьалық ұйымдастырылған болатын. Аталған шаралар осы апталық аясында бекітілген жоспар бойынша өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі