2025 жылғы 20 қазанда Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және «Жасыл ел» ұйымының ұйымдастыруымен жазғы жұмыс маусымының қорытындылау кеші өтті. Жазғы уақытта Студенттік қалашық әкімшілігінің бастамасымен университеттің 70-ке жуық студенті маусымдық жұмысқа тартылды. Студенттерден құрылған жасаққа Студенттік қалашық әкімшілігінің бас маманы Худайбергенов Жасур Тілеубергенұлы жетекшілік етті.
Шара барысында маусым бойы қажырлы еңбек еткен жас сарбаздардың жетістіктері сараланып, үздік сарбаздар марапатталды. Маусым қорытындысы бойынша «Үздік сарбаз» номинациясымен Нұржанұлы Д. және Айбекұлы Н. марапатталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.



Басқа жаңалықтар
20 қазан, 2025
20 қазан, 2025