- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2-курс студенттері үшін Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша танымдық дәріс өткізілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2-курс студенттері үшін Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша танымдық дәріс өткізілді
Бүгін «ENACTUS» халықаралық қоғамдық ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Айгаринова Гулнар Тулеухадировнаның ұйымдастыруымен 2-курс студенттеріне Тұрақты Даму Мақсаттары жайлы танымдық дәріс өткізілді. Дәріс барысында ТДМ қалыптасу тарихы мен қазіргі таңдағы маңыздылығына аса көңіл бөлінді. Сонымен қатар студенттерге 17 мақсаттың әрқайсысының мәні мен оларды жүзеге асырудағы жастардың рөлі туралы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ Қазақстанда және әлемде ТДМ-ды жүзеге асырудың нақты мысалдарымен танысты. Дәріс соңында студенттер жаһандық тұрақты даму идеяларының өз өмірімен байланысын талқылап, жаңа білім мен шабыт алды