2025 жылдың 14 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің 105-топ студенттері кураторы, оқытушы Дарханова Сандуғаш жетекшілігімен Ғ.Мүсірепов атындағы театрда “Қызыл орамалды шынарым” спектаклін тамашалады. 🌹
Көрермендерді терең ойға жетелеген бұл қойылымда махаббат пен адалдық, достық пен өмір сынақтары көрініс тапты. Әр сахна жүрекке әсер етіп, студенттерге ерекше рухани қуат сыйлады. 💫
Актерлердің жоғары кәсіби шеберлігі мен шынайы бейнелері өнердің құдіретін сездірді. 🎬
Мұндай мәдени шаралар студенттердің рухани өсуіне, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және өмірге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. 🌟
Театр — жанды байытып, шабыт сыйлайтын рухани әлем! ❤️
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы