Тұрақты даму мақсаттарына арналған қайырымдылық шарасы
Зерттеу практикасы аясында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бағытында қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараны практика жетекшісі — филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р. және отандық жетекші — философия ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., сондай-ақ мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б. ұйымдастырды.
Тұрақты дамудың «Кедейлікті жою», «Аштықты жою», «Сапалы білім беру» бағыттарын ескере отырып, 2025 жылғы 22 қазан күні сағат 12:00-де Алматы қаласындағы “Мұзбалақ” мүгедектер қоғамдық бірлестігінде ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдау мақсатында арнайы сабақ пен шығармашылық мастер-класс өткізілді.
Шара барысында көзі көрмейтін, аутизм мен ДЦП диагнозы бар балаларға арналған арт-терапиялық сабақ ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, ата-аналарға дінтану, мәдениеттану және исламтану бағыттары туралы ақпарат берілді.
Басқа жаңалықтар