ҚазҰУ оқытушысы кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттарды бөлу комиссиясының құрамына ендіFarabi University

ҚазҰУ оқытушысы кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттарды бөлу комиссиясының құрамына енді

27 қазан, 2025

Экономика кафедрасының аға оқытушысы, экономика және бизнес жоғары мектебінің өкілі Есенгелдиева Г.Т. Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттарды бөлу комиссиясының жұмысына қатысты.

Нәтижесінде 400 АЕК көлеміндегі гранттар әділ және ашық түрде бөлінді.

💐 Республика күні қарсаңында Есенгелдиева Г.Т. кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік бастамаларды қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

📈 ҚазҰУ өкілдерінің мұндай жобаларға қатысуы кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, жұмыспен қамтуды дамытуға және экономикалық өсімге ықпал етеді.

🎯 Тұрақты даму мақсаттарына үлес:

• Мақсат 1 — Кедейлікті жою

• Мақсат 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсім

• Мақсат 17 — Тұрақты дамудағы әріптестік