ТДМ-ның 3-мақсаты аясында ПФНжКФ кафедрасында үстел теннисінен турнир өтті
                        28 қазан, 2025                    
                 
                Физика-техникалық факультеттің ПФНжКФ кафедрасы оқытушылар мен докторанттар арасында үстел теннисінен қос разряд бойынша турнир өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – кафедра ұжымының спорттық белсенділігін арттыру, сергектік пен командалық рухты нығайту болды. Турнир барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты және тартысты ойын өрнегін ұсынды. Турнирді кафедраның PhD, ассистент-профессоры Утегенов Алмасбек Улубекұлы ұйымдастырды. Іс-шара бейресми қарым-қатынас орнатып, ұжымдық бірлікті күшейтуге және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты. на рус и англ
 
         
                                 
                                