Зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көздерін іздеу және ұсыныстарды дайындау

12 наурыз, 2016

«Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы тренинг өткізеді. Тренингтің мақсаты зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау бойынша зерттеушілердің дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар жергілікті және халықаралық серіктестермен қарым-қатынасты жақсарту. Бір күндік тренинг 2016 жылы 14 наурызда сағат 09.00 - 17.00. аралығында кітапхананың 314 конференц-залында өтеді.

Бәсекелестіктің дамуы және жаһандық нарық талаптары аясында зерттеушілер мен олардың ұйымдарына зерттеулерді қаржыландыру бойынша ұлттық және халықаралық байқауларға өз өтініштерін беруді және инновациялар мен зерттеулердің дамуы үшін қандай ресурстар бар екенін де білуі қажет.

Тренингке Алматы қ. мен Алматы облысындағы университеттер мен зерттеу институттарының 20 өкілі қатысады. Тренингке қатысушылар өздерінің болашақ зерттеу жұмыстарында қолдануға мүмкіндік беретін білімі мен дағдыларын жетілдіреді. Тренингке қатысушылар өз мекемелерінің зерттеу сапасын жоғарылатуға, сонымен қатар халықаралық зерттеу қауымдастығында рейтинг пен беделінің артуына септігін тигізеді.

«Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасымен толығырақ мына сілтеме арқылы таба аласыз: http://www.britishcouncil.kz/ru/newton-al-farabi

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

Орталық

Диляра Вудворд

Dilyara.Woodward@kaznu.kz

Тел.: +7777203 2574

British Council

Елена Сим

communications@kz.britishcouncil.org

Тел.: +7 (727) 244 41 44

АҚ «Ғылым Қоры»

Асель Аманжолова

info@science-fund.kz

Тел.: +7 (717) 221 45 94