ТДМ №4: Қазан айында студенттерге 120 тегін тамақтану талоны таратылды
13 қазан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025–2026 оқу жылына арналған әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Қазан айында әлеуметтік аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ үлгерімі жоғары және қоғамдық белсенді студенттерге 120 тегін бір реттік тамақтану талоны берілді.
Бұл игі бастама студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және оқу процесін қолайлы етуге бағытталған. ҚазҰУ қалашығында студенттерге қолжетімді бағамен сапалы тағам ұсынатын асханалар мен кофеханалар тұрақты түрде жұмыс істейді.
Университет басшылығы алдағы уақытта да жастарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды жалғастырып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауды көздеп отыр.


Басқа жаңалықтар
15 қыркүйек, 2025