«Қайырымдылық пен қамқорлық мәдениеті»: Студенттерден ізгі бастама
23 қазан 2025 жылы Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары – 2: Аштықты жою» бағыты аясында игі шара өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және студенттер арасында өзара көмек пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыру болды. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және студенттер арасында өзара көмек пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыру болды.
Шара барысында студенттерге 100 кг палау таратылды. Бұл акция – «Аштықты жою» жаһандық мақсатының мәнін насихаттап, азық-түлік қауіпсіздігі мен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Студенттік қалашық дирекциясы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, тұрақты дамуға өз үлесін қоса бермек.




Басқа жаңалықтар