«Ізгілікке бағытталған қадам»: Студенттерден қайырымдылық үлгісі
Студенттік қалашық дирекциясы ұйымдастыруымен жастарды ізгілік пен жауапкершілікке баулуды мақсат еткен кезекті шарасын өткізді. «Тұрақты даму мақсаттары – 2: Аштықты жою» бағыты бойынша өткен бұл игі іс-шара қоғамдағы өзара қолдау мен қамқорлықтың маңызын айқындады. Бір күн бойы ұйымдастырылған акция барысында студенттерге тегін тағам үлестіріліп, ортақ дастархан басында бірлік пен мейірімнің қадірі насихатталды. Шара аясында жастар әлемдік «Аштықты жою» бастамасының мәні, азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму қағидаттары жөнінде ақпарат алды.
Бұл бастама – студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттырумен қатар, қоғамдағы мейірімділік пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта дирекция осындай мазмұнды іс-шараларды дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.



Басқа жаңалықтар