Студенттік қалашық дирекциясы жастарды ізгілік пен жауапкершілікке баулуды мақсат еткен кезекті шарасын ұйымдастырды. Іс-шара «Тұрақты даму мақсаттары – 2: Аштықты жою» бағыты аясында өтті. Бұл бастама жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамда бірлік, мейірім және өзара қамқорлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Шара барысында қатысушыларға тегін тағам ұсынылып, ортақ дастархан басында жылы ықылас пен өзара түсіністік рухы қалыптасты.
Сонымен қатар, студенттер азық-түлік қауіпсіздігі, «Аштықты жою» жаһандық бастамасы және тұрақты даму қағидаттары туралы маңызды ақпарат алды. Дирекция алдағы уақытта да осындай игі істерді дәстүрлі түрде жалғастырып, жастар арасында мейірімділік пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуды көздеп отыр.



Басқа жаңалықтар