- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті профессор Надирова Гулнара Ермұратқызының 70 жас мерейтойын атап өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті профессор Надирова Гулнара Ермұратқызының 70 жас мерейтойын атап өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде өткен Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі белгілі арабтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ардақты ұстаз Надирова Гулнара Ермұратқызының 70 жасқа толған мерейтойына арналды.
Салтанатты мәжілісті факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты М.Ш. Эгамбердиев жүргізді. Университет тарапынан ректор, академик Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың арнайы құттықтауын ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.Қ. Мекебаев жеткізді. Мерейтойға факультеттің ардагер ұстаздары – профессор Н.Ә.Алдабек, Г.Н. Ким, Набижан Мұхамедханұлы, сондай-ақ әріптестері, шәкірттері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Профессор Н.Ә.Алдабек өз баяндамасында ғалымның еңбек жолына тоқталып, оның шығыстану ғылымының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Арабтану орталығының директоры Б.Н.Жұбатова профессор Гүлнар Ермұратқызының ғылым мен білім саласындағы жетістіктерін, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталды. Мерейтой иесіне барлық қатысушылар атынан ізгі тілектер айтылып, құрмет пен ризашылық білдірілді.
Ғылыми кеңес аясында өткен бұл мазмұнды кездесу профессор Г.Е.Надированың өмірі мен ғылыми жолына тағзым ету, оның еңбегінен үлгі алу және ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған тағылымды шара болды.




