«Есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайындаFarabi University

«Есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында

29 қазан, 2025

🎓 «Есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенттері (орыс бөлімі) ЭжБЖМ кураторы-эдвайзері PhD, доцент м.а. Когут О. Ю. жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына барды.
📅 Іс-шара Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ұйымдастырылып, Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім беру» аясында өтті.
🏛 Экскурсияны мұражай жетекшісі Жабықпаева А. Ж. өткізді. Ол студенттерді университеттің бай тарихымен, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасымен, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының жетістіктерімен таныстырды.
✨ Мұражайға бару студенттер үшін білімнің, тарих пен мәдени мұраның құндылығын терең түсінуге мүмкіндік беріп, олардың кәсіби және азаматтық көзқарасын қалыптастыруда маңызды қадам болды.