Ғылым мен тәжірибе үйлесімдігіFarabi University

Ғылым мен тәжірибе үйлесімдігі

12 сәуір, 2025

Экономика және биз­нес жоғары мек­­тебінде жаңа «Тұрақты даму мақ­саттары» аудито­рия­сы­ның ресми ашылуы өтті. Аталған ауди­то­рия Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму сала­сын­дағы стратегиялық ұстанымын, ғылыми және әлеуметтік мис­сиясының ауқым­дылығын бейнелейді. 

Салтанатты ашылуға уни­вер­ситеттің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қыз­мет жөніндегі проректор мін­де­тін атқарушы, PhD, қауым­дас­тырылған профессор Мар­­ғұлан Ибраимов, ауди­то­рияның де­меу­шісі, жұмыс беруші се­ріктес – «ПСК Строй-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Сә­кен Абенов, сондай-ақ оқы­тушы-профессор құрамы, док­то­ранттар мен студенттер қа­тысты. Аудитория университет қа­бырғасында тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге ар­налған ғылыми-танымдық, зерт­теу және талқылау алаңы ретінде ашылып отыр. Мұнда болашақ сарапшылар мен зерт­теушілер әлеуметтік мә­се­лелерді шешудің кешенді жол­да­рын ұсынуға мүмкіндік ала­ды.

Аудитория ашылуынан ке­йін «Жаһандық өзгерістер жағ­дайындағы тұрақты эко­но­ми­калық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүм­кіндіктер» атты III халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік кон­фе­рен­­­циясы аясында «Қазақстан өңірлерінде ТДМ-1 және ТДМ-8 жүзеге асыру: табыс теңсіздігі және кедейлікті азайтудың те­тік­тері» тақырыбында ке­ңей­тілген фокус топ отырысы өтті.

Фокус топ AP23489032 «Қа­зақ­стан өңірлерінде табыс тең­сіздігі және кедейлік дең­гейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеу­меттік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара өңірлік деңгейде табыс теңсіздігі мен кедейлікті тө­мен­детуге бағытталған тиімді сая­сат пен практикалық ше­шім­дерге назар аударды.

Фокус топтың мақсаты – Қазақстан өңірлерінде Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылу барысын, атап айт­қанда ТДМ-1 (Кедейлікті жою) және ТДМ-8 (Экономикалық өсім және лайықты жұмыс орын­дары) бағыттары бо­йын­ша прогресті талқылау және тиімді шешімдерді іздестіру. Іс-шарада әлеуметтік сая­сат­тың, мемлекеттік қолдау бағ­дар­ламаларының, кәсіп­кер­лік­тің және инновациялық тә­­сілдердің табыс теңсіздігі мен кедейлікті азайтуға ық­палы қарастырылды.

Фокус топ жұмысы мына­дай мәселелерді қамтыды:

Қазақстандағы табыс тең­­сіздігі және кедейліктің қа­зіргі ахуалы;

ТДМ-1 (Кедейлікті жою) және ТДМ-8 (Экономикалық өсім және лайықты жұмыс орын­дары) аясындағы өңірлік тәжірибелер;

Атаулы әлеуметтік көмек­тің трансформациясы және «От­­басының цифрлық кар­та­сы»;

Бизнесті ынталандырудың әлеуметтік әсері мен өңірлік экономикаға ықпалы;

Мемлекеттік қолдауды же­тіл­діру жолдары.

Фокус топқа жергілікті ат­қару органдарының өкілдері, кәсіпкерлер және жұмыс бе­рушілер белсенді қатысып, өңір­лік деңгейдегі тәжірибе, өзекті проблемалар және олар­­ды шешудің баламалы жол­­дары бойынша пікір ал­масты. Атап айтқанда Нұртуған Оралбаев (ҚР Ұлттық эко­но­мика министрлігі «Эко­но­ми­калық зерттеулер институты» АҚ Орнықты даму мақсаттары хатшылығы директорының орын­басары), Әсел Жамашева (Алматы облысы Еңбекшіқазақ ау­даны әкімінің бас инс­пек­торы), Алуа Әлішерқызы (Жам­был облысы әкімдігінің Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­­қармасының Әлеуметтік кө­мек көрсету, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бө­лі­мі­нің бөлім басшысы), Гүлмира Жек­сембаева (Еңбек нарығын жинақтап талдау, бол­­жау және дамыту бөлімінің бас­­шысы), Рафхат Лесұлы (Атырау қала­лық жұмыспен қам­ту және әлеу­меттік бағ­дар­ламалар бө­лімінің басшысы), Галия Дми­триева (Associate Director, KPMG), Әзиза Әкімхан (инвес­ти­циялық аналитик, IFC, World Bank Group) баяндама жасады.

Бұл іс-шаралар Қазақ ұлт­тық университетінің жаһандық дең­гейдегі әлеуметтік жауап­кер­шілігін, ғылыми әлеуетін және тұрақты дамуға қосып жатқан үлесін айқын көрсетті. Университет білім беру мен зерттеулер арқылы ТДМ 1-17 бағыттарында кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Жаңадан ашыл­ған аудитория мен фокус топ – бұл университет қабыр­ға­сындағы тұрақты диалог пен зерт­теу алаңының бастауы ғана. Алдағы уақытта ҚазҰУ өңірлік саясатты жетілдіру, табыс теңсіздігін азайту және кедейлікпен күресу жолында мемлекеттік органдармен, ха­лық­аралық ұйымдармен және биз­нес құрылымдармен бір­лесе отырып, жаңа ғылыми жо­балар мен практикалық ұсы­­ныс­тар әзірлеуді жал­ғас­тырады.

 Ғалия ДӘУЛИЕВА,

ЭжБЖМ деканы м.а.