Көктемгі мектеп жұмысын сәтті аяқтадыFarabi University

Көктемгі мектеп жұмысын сәтті аяқтады

19 мамыр, 2025

Фараби кітапхана­сын­да философия және сая­сат­тану факультеті Дінтану және мәдениеттану ка­фе­драсы, Халық­ара­­лық ислам ойы институты (IIIT) мен Білім интеграциясы институтының (IKI) бірлесе ұйымдас­ты­руымен «Қазіргі замандағы ислам мұ­расы» атты халықаралық көктемгі мектеп өтті. Атал­ған шара «Сапалы білім беру», «Гендерлік теңдік», «Тұ­рақты даму үшін серіктестік» тұрақты даму мақ­сат­тарын қамтиды.
 

Халықаралық көктемгі мек­теп көрмесіне кафедра профессорлары мен оқы­ту­шылары жариялаған мо­но­графиялар, гранттық жо­балар аясында жарық көр­­ген еңбектер және отан­дық ғалымдардың ислам зерт­теулері бойынша ең­бек­тері қойылды.

Шақырылған спикер­лер­дің барлығы жоғары кә­с­і­би білімге ие про­фес­сор­лар. Отан­дық ғалымдар – фи­лос. ғ.д., профессорлар К.Бе­галинова, Қ.Бор­ба­сова, шетелдік спи­керлер – Орта Шығыс және Ислам елдері институты, Мармара университетінің про­фес­со­ры Равза Алтун­таш-Чакир (Түркия), Лан­кас­тер уни­вер­ситетінің про­фессоры Шуруқ Нағиб (Ұлы­бри­та­ния), Білім ин­тег­рациясы инс­титутының директоры Гапур Озиев (Гру­зия), Мар­мара уни­вер­ситеті теология факуль­те­тінің профессоры Сүлей­ман Дерин, Босфор уни­­­вер­си­те­ті Батыс тілдері мен әде­биеті ка­федра­сы­ның қа­уым­дас­ты­рылған про­­­фес­­­соры На­ги­хан Ха­ли­л­­оғлу, Ыстамбұл мәдениеті университеті Эко­номика кафедрасының қауым­дас­ты­рылған про­фес­соры Иса Йылмаз (Түр­кия) соңғы зерт­теулері бо­йын­ша маз­мұнды дәрістер оқыды.

Жиында жаһандану ке­зіндегі саясат, экономика, психология, цифрландыру саласындағы жаңа үрдіс­тер­мен исламның қатар жүруі, Құрандағы гендерлік мәселелер, фәлсафа және сопылықтағы ислам мұ­расы, исламның интегра­ция­лық және дезин­тегра­ция­лық қызметі сынды бү­гінгі күні өзекті саналатын тақырыптар бойынша жан-жақты зерттеулерге толы баяндамалар жасалды.

Қатысушылар мен спи­керлер арасында қызу пікір алмасулар болды. ҚазҰУ студенттері мен оқыту­шы­ларынан бөлек, көктемгі мектепке шетелдік қонақ­тар да қатысты. Мысалы, Ита­лия, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Ресей, Грузия ел­­­де­­рінен онлайн және оф­лайн форматта тың­­дар­мандар жи­налды. Қа­ты­су­дың ги­б­рид­ті форматы қа­рас­ты­рыл­ғандықтан, тың­­­дау­шы­лар ау­ди­тория­сын ке­ңей­ту­ге мүмкіндік ту­ды.

Көктемгі мектептің аяқ­талу рәсімінде спикерлер мен қатысушыларға сер­ти­фикаттар табысталды. Осы­­лайша бір аптаға со­зыл­ған «Қазіргі замандағы ислам мұрасы» халық­ара­лық көктемгі мектебінің жұ­мысы оң нәтижелерге толы болды.

Мира БАЛТЫМОВА,

ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор

 Назерке ЕЛЕУСІЗБАЕВА,

докторант