Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Механика-математика факультетінің арасындағы жаңа ғылыми серіктестіктің бастауы!Farabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Механика-математика факультетінің арасындағы жаңа ғылыми серіктестіктің бастауы!

30 қазан, 2025

2025 жылғы 30 қазанда Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Механика-математика факультетінің ғалымдары арасында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында суперкомпьютерлік технологияларды экономикалық зерттеулерде қолдану, сондай-ақ экономикалық өсуді болжау моделін әзірлеу мәселелері талқыланды.

Қатысушылар академик Асқар Акаевтың 20–21 қазан күндері өткен дәрістерінде көтерілген өзекті идеяларға сүйене отырып, оларды Қазақстанның ғылыми және экономикалық дамуында іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Механика-математика факультетінің ғалымдарынан құралған жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына  екі  факультеттің декандары, профессор Б. М. Мұхамедиев, Экономикалық зерттеулер орталығының директоры Р. Утегулов,  Н. Шуренов енді.

Кездесуге сондай-ақ Farabi Supercomputer Center директоры Амирхан Темірбаев қатысты.

Бұл бастама – ғылым мен инновацияны біріктіріп, университеттің зерттеу әлеуетін арттыруға және ел экономикасының жаңа көкжиегін ашуға бағытталған маңызды қадам.