«Құқықтық диктант – 2025» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де!
30 қазан, 2025
2025 жылғы 30 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелден келген қандас тыңдаушылардың қатысуымен «Құқықтық диктант» өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2025 жылғы 20 қазандағы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру мен заң үстемдігін насихаттауға бағытталды.
Диктант университеттің барлық факультеттерінде бекітілген кесте бойынша өтті.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
#ҚазҰУ#ӘлФарабиатындағыҚазҰУ#ҚұқықтықДиктант2025#ЗаңҮстемдігі#ҚұқықтықМәдениет #Bilim #KazNU