Халықаралық қатынастарды зерделейтін монографияFarabi University

Халықаралық қатынастарды зерделейтін монография

25 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ­стан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары дайын­да­ған «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты моно­гра­фияның таныстырылымы өтті. Алқалы жиынға жетекші са­рап­шылар, белгілі қоғам қайраткерлері, министрлік өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен ғылыми қызметкерлер қатысты.

Кездесуді Әл-Фараби атын­­да­ғы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев ашты. Рек­тор уни­вер­ситет қабыр­ғасында мұн­дай маңызды ғы­лыми іс-ша­ра­ның өтуі жас­тар­дың дип­­­­­лома­тиялық мә­дениетін қалыптастыруға ық­­пал ете­тінін ерекше атап өт­ті.

Университет басшысы өз сөзінде монографияның ғылыми ғана емес, саяси, практикалық маңызына да тоқталып: «Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық қағидаттарына негізделген «рационалды көп­век­торлылық» тұжырымдамасы қазіргі заманғы халықаралық қа­тынастарды зерттеуде тео­рия­лық та, тәжірибелік те ма­ңыз­­ға ие үлгі ретінде баян­да­ла­ды», – деп түйіндеді.

Монографияда Қазақстан­ның БҰҰ, ШЫҰ сияқты халық­ара­лық ұйымдар аясындағы бел­сенді бастамалары мен ел­дің өңірлік және жаһандық қауіп­сіз­дікке қосқан үлесі де кеңінен сараланған.

Әйгерім ӘЛІМБЕК