«Синьхуа» агенттігіне сұхбат бердіFarabi University

«Синьхуа» агенттігіне сұхбат берді

13 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­теті Қытайтану кафе­дра­сының қауымдас­ты­рыл­ған профессоры Фати­мабибі Дәулет әлемнің жетекші ақпа­рат құралдарының бірі – Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді.

 

Әңгіме барысында ол Қы­тай­дың соңғы онжыл­дық­тар­дағы әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін атап өтіп, «Бір белдеу – бір жол» бас­та­масына және жаһандық бас­қару тұжырымдамасына жан-жақ­ты тоқталды. Ғалымның айтуынша, Қазақстан мен ҚазҰУ-дың бұл үдерістерге қа­тысуы – тек мүмкіндік емес, сонымен бірге өңірлік даму мен халықаралық ынтымақ­тас­тық­ты үйлестіре отырып, тұ­рақ­ты болашаққа жол ашатын тарихи миссия.

Фатимабибі Дәулет ҚазҰУ-дың халықаралық серік­тес­тік­тегі ерекше рөлін атап өтті. Университет базасында Сиань қаласындағы Солтүстік-батыс политехникалық универ­си­те­тінің филиалы жұмыс істейді, «Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан-Қытай бір­лескен зертханасы ашылды. Со­нымен қатар Орталық Азия­дағы тұрақты даму орталығы бел­сенді қызмет атқаруда.

Фатимабибі Дәулет – Қа­зақ­стандағы жетекші қытай­танушы, ҚазҰУ шығыстану фа­культетінің түлегі және тәуелсіз қазақстандық қытайтану ғылы­мы­ның негізін қалаушылардың бірі. Ол Орталық Азияда ғы­лыми еңбектеріне ең көп сіл­теме жасалатын са­рап­шы­лар­дың қатарында.

Қытайдың жетекші ғылыми және бұқаралық ақпараттық алаң­дарында жүйелі түрде пі­кір білдіріп жүрген ғалым жыл ба­сынан бері Қытайдың ірі БАҚ-тары – «Жэньминь жибао», China News және «Синьхуа» агент­тігінде мақалалары мен сұхбаттары жарияланған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі