- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында ирантанушы оқытушылар мен студенттер Ұлттық кітапхана шарасына қатысты
ТДМ жобасының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында ирантанушы оқытушылар мен студенттер Ұлттық кітапхана шарасына қатысты
30 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында парсының ұлы ақындары Рудакидің туғанына 1165 жыл және Фирдоусидің туғанына 1085 жыл толуына орай «Рудаки мен Фирдоуси – парсы әдебиетінің сөнбес жұлдыздары» атты-әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Иран мәдени өкілдігінің тікелей қолдауымен өтті. Кеште Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасыың Бас консулы Суна Ахмади ханым және Иран Мәдени Өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазаде мырза сөз сөйледі. Кеш жұмысына Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Ирантану бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Боранбаева мен 2 курс магистранты Г. Омарханова баяндама жасады, 2 курс студенті Р. Адилов парсыша ән айтты, сондай-ақ студенттер парсыша Рудаки мен Фирдоусиден өлең оқыды және театрландырылған қойылымға қатысты.
