- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да лекция-концерт: Қазақ және жапон мәдениеттерінің үндестігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да лекция-концерт: Қазақ және жапон мәдениеттерінің үндестігі
29 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ және жапон классикалық музыка дәстүрлерін салыстыруға арналған лекция-концерт өтті. Іс-шара екі халықтың мәдени байланысын нығайтатын жылы да рухани ортада ұйымдастырылды.
Бағдарлама барысында көрермендер жапонның дәстүрлі музыкалық аспаптарымен – цудзумимен (Tuzumi) және сямисэнмен (Shamisen) танысып, қазақ және жапон композиторларының шығармаларын тамашалады. Концертте Ахмет Жұбановтың «Aria», Евгений Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Кадзухиро Миямураның аранжировкасы бойынша «Sakura Sakura», сондай-ақ Митио Миягидің «Haru no Umi» (Көктем теңізі) туындылары орындалды. Бағдарлама Абайдың «Қаламқас» әнімен жалғасын тапты.
Шынайы сямисэнде ойнау өнері жапон мәдениетінің терең рухын сезінуге мүмкіндік берді. Концерт соңында өткен жапон шай рәсімінің көрінісі қонақтарға үйлесім мен тыныштық философиясын сезінуге жол ашты.
Бұл шара Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени диалогтың айқын үлгісіне айналып, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтты.

Басқа жаңалықтар