«Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы»
1 қараша, 2025
25 қазан — Республика күніне орай ББ 23-03 тобы кураторлық сағат өткізді. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге және тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметін арттыру болды. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері, егемендіктің маңызы мен қазіргі жетістіктері кеңінен талқыланды. Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, патриоттық рух пен ұлттық бірліктің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара куратор Нурмаханова Акмарал Садыковнаның жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.
Ботаника және агроэкология кафедрасы