Сапалы, озық білім - ел болашағының кілті.
Президент Қ.К.Тоқаев Астанада өткен Қазақстан академиялық білім беру аймағы форумына қатысып, сөз сөйледі. Президент өз сөзінде қазір адамзат түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам басқан кезде білім ордалары заман талабына сай озық болмайынша ешқандай даму да, өркендеу де болмайтынын және Қазақстан білім-ғылым жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отырғанвн атап өтті. Қ.К.Тоқаев елімізде 2019 жылдан бері осы салаға бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайып, жоғары оқу орындарының дербестігі артып келе жатқанын, зерттеу университеттері көбейіп, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданғанын хабарлады.
Мемлекет тарапынан ғалымдарға, әсіресе, жас зерттеушілерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Жоғары білімнің барша азаматқа бірдей қолжетімді болуы – өте маңызды міндет екенін атап айта келе, мемлекет басшысы
өскелең ұрпаққа мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа тоқтала келе, елімізде 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың есепшотына салынады, яғни Қазақстандағы әр бала 18 жасқа дейін Ұлттық қордан қаржы бөлініп, оны балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны баспана немесе білім алуға жұмсай алатынын мәлімдеді. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан білім іздеген жастарға деген қамқорлық ауқымы жыл сайын ұлғайып келе жатқаны қуанарлық жәйт.
Баймуратова И. А.- шет тілдер кафедрасының оқытушысы.