- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ел Президенті Қ. Тоқаев 2019 жылдан бері мемлекетіміздің дамуы үшін білім мен ғылымға аса көңіл бөліп келеді.
Ел Президенті Қ. Тоқаев 2019 жылдан бері мемлекетіміздің дамуы үшін білім мен ғылымға аса көңіл бөліп келеді.
Ел Президенті Қ. Тоқаев 2019 жылдан бері мемлекетіміздің дамуы үшін білім мен ғылымға аса көңіл бөліп келеді. Әр түрлі ғылыми жобалар мен өнертабыс бастамаларынан мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, түрлі жобалар грант шеңберінде қаржыландырылып, жүзеге асырылып жатыр. Түрлі жобалардың негізгі мақсаты - жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау.
Мемлекет басшысы беделді халықаралық рейтингте жоғары көрсеткішке ие болып келе жатқандығына тоқталды. QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли мырза өз баяндамасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қарқынды дамып келе жатқандығына назар аудара келе, еліміздің 5 университеті Times Haier Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік университеттер қатарына енгендігін атап өтті және келешекте әріптестік мақсатты бағытта бірлесіп жұмыс істеуге ниетін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші 40 университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік 33 университеттің филиалының ашылғандығын атап өтті. Елімізге шетелдік студенттерді тарту, көп тілді меңгеру, өзге елдердің мәдениетін білу жастардың жаһандық дамуға ашық болатындығын жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің барлық саласында цифрлық дамытуды қолға алып, цифрлы мемлекет ретінде дамытуды қолға алу керектігін жеткізді. Ғылым мен инновацияға жасалған инвестиция ел экономикасы мен әл-ауқатын жақсартып, өнеркәсіп салаларының жоғары деңгейде дамуына үлкен үлес қосуы үшін мақсатты тұрғыда жасалған қадам екендігін айтып, ел болашағы білімді жастардың қолында екендігіне басты назар аударды.
Осы орайда, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде әрбір отбасы мен ұстаздар ерекше рөл атқаратынын айтқым келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы
Куралова А.Т.