Білім мен ғылым – әлемді өзгертуге қабілетті қозғаушы күшFarabi University

Білім мен ғылым – әлемді өзгертуге қабілетті қозғаушы күш

31 қазан, 2025

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумында еліміздің білім жүйесі жаңа серпін алды. Бұл — Қазақстанды білім мен ғылым орталығына айналдыруға бағытталған маңызды қадам!

Мақсатымыз айқын:

         •        Әлемдік университеттермен тең дәрежеде бәсекелесу;

         •        Білім арқылы инновация мен өркендеуге жол ашу;

         •        Әр жасқа өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігін беру;

         •        Ғылым мен тәжірибені біріктіріп, жаңа буын мамандар даярлау;

         •        Ел жастарын жаһандық деңгейде ойлайтын, жауапкершілігі жоғары тұлға етіп қалыптастыру.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Білім мен ғылым – әлемді өзгертуге қабілетті қозғаушы күштер, ал университеттер – озық идеялар мен ғылыми зерттеулердің орталығы» екенін атап өтті.

Бұл сөз — әрбір жас қазақстандыққа арналған үндеу!

Білім алу — тек жеке жетістік емес, ол елдің дамуына қосқан үлкен үлес.

Әрбір үйренген дағдың, әрбір жаңа идея — Қазақстанның болашағын айқындай түседі. Білім – болашақтың кілті!

 

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры Н.Ж. Байтенова мен 1 курс докторанты Ж.А. Байгараев