«Егемен елдің еңсесі биік» атты іс-шараFarabi University

«Егемен елдің еңсесі биік» атты іс-шара

28 қазан, 2025

2025 жылдың 28 қазанында Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясында «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, «Егемен елдің еңсесі биік» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында еліміздің тарихына көз жүгіртіп, тақырыпты бекіту мақсатында компания жұмыскерелері арасында сәйкестендіру ойыны ойнатылды, сұрақ-жауап, дискуссия жүргізілді.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді және қазақ тарихын, мәдениетін насихаттау саласындағы ынтымақтастық алдағы уақытта жалғасатын табады деп үміттенеді.

Ұйымдастырушылар: Мәдениеттану 2 курс докторанты Жексенбаева М.А., ғылыми тәжірибе жетекшісі ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., филос.ғ.к. қауымдастырылған профессор Аликбаева М.Б.