«Біріншілік иммундық тапшылықтар: әлеуетті терапиялық зерттеу бағыттары» тақырыбында шолу дәрісіFarabi University

«Біріншілік иммундық тапшылықтар: әлеуетті терапиялық зерттеу бағыттары» тақырыбында шолу дәрісі

31 қазан, 2025

 

2025 жылдың 30 қазанында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.И. Жүсіпова БҰҰ-ның 3-ші Тұрақты даму мақсаты (ТДМ): «Мықты денсаулық және әл-ауқат» аясында «7M05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына «Біріншілік иммундық тапшылықтар: әлеуетті терапиялық зерттеу бағыттары» тақырыбында шолу дәрісін өткізді.

Дәріс барысында біріншілік иммундық тапшылықтардың молекулалық-генетикалық негіздері, олардың клиникалық көріністері және заманауи диагностикалық әдістері талқыланды. Сонымен қатар, гендік және жасушалық терапия саласындағы жаңа зерттеу бағыттары, сондай-ақ иммундық жүйені қалпына келтірудің инновациялық стратегиялары қарастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің иммундық жүйе аурулары туралы білімін кеңейтіп, сирек кездесетін тұқым қуалайтын патологияларды зерттеудің маңыздылығына назар аудару және биомедициналық ғылымдағы заманауи терапиялық тәсілдер туралы хабардарлығын арттыру болды.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы