Байқоңыр: ғарышқа жол ашқан қақпа
                2025 жылдың 29 қазанында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Байқоңыр: ғарышқажол ашқан қақпа» тақырыбында пікірталас өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның ғарыш саласындағыжетістіктерін талқылау, Байқоңырдың тарихи жәнестратегиялық маңызын бағалау, сондай-ақ елдің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға жастардың қызығушылығынояту болды. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 – Сапалы білім беру, ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым, ЦУР 17 – Мақсаттарғақол жеткізу үшін серіктестік мақсаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Пікірталас барысында студенттер Байқоңырдыңәлемдік ғылым мен технологиядағы рөлі, экологиялықаспектілер, инновациялық даму және халықаралықынтымақтастық туралы өз ойларын ортаға салды.
Осындай пікірталастар студенттердің ғылымидүниетанымын кеңейтіп, жаңашыл көзқарас пен патриоттықрухты қалыптастыруға ықпал етеді.
Эдвайзерлер: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.