ҚазҰУ-да «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты X халықаралық ғылыми конференциясы өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты X халықаралық ғылыми конференциясы өтті

24 қыркүйек, 2025

ICMM&IT 2025 халықаралық конференциясы аясында мамандар бір-бірімен ғылыми тәжірибелерімен, өзекті зерттеулерімен және жаңа идеяларымен бөлісуде.

Секциялық отырыстарда математика, механика және IT салаларының заманауи бағыттары талқыланып, ғылыми қауымдастық арасында пікір алмасу жүріп жатыр. Осындай кездесулер жас ғалымдарға шабыт беріп, тәжірибелі мамандармен байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік сыйлайды.

Құрметті қонақтар қатарында Литвадағы Витаутас Магнус университетінің өкілі Леонидас Сакалаускас, Питтсбург университетінің профессоры Пейман Гиви, Лиссабон жоғары инженерлік институтының ғалымы Паулу Тригу, С.Л.Соболев атындағы Математика институтының өкілі Сергей Кабанихин, Падуя университетінің зерттеушісі Пьер Доменико Ламберти және басқа да танымал зерттеушілер болды.

Конференция барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдар математика, механика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және робототехника салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев шетелдік қонақтарға алғыс білдіріп, конференцияның халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы маңызын атап өтті:

«Әрбір баяндама – үлкен еңбектің нәтижесі. Сіздер көтерген бастамалар қазіргі ғылым үшін өте өзекті. Осы тұрғыда баршаңызды ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқуға шақырамын. Бұл университетіміздің жас буындары үшін үлкен мүмкіндік болады», – деді ректор.