ІТ мамандарына талап күшейтіледіFarabi University

ІТ мамандарына талап күшейтіледі

3 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын және жасанды интеллектіні дамыту перспективаларын талқылауға арналған сессия өтті.

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті ұйымдастырған шараға ІТ саласының мамандары, ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам және білім алушы жастар қатысты.

Сессияны факультет деканы Тимур Иманқұлов ашып, Президент жолдауының стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, декан цифрлық экономиканы дамыту үшін университеттің мамандар даярлаудағы рөлін ерекше атап көрсетті.

«Ақпараттық және жоғары өнімді технологиялар» ҒЗИ-дың аға ғылыми қызметкері Еділ Нұрахов «Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы жолдауының стратегиялық бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, цифрландыру, инновациялар мен ЖИ технологияларын әр салада енгізу қажеттігін баса айтты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ІТ саласы мамандарына қойылатын талаптарды күшейту, ЖИ-ді дамыту бойынша ұсыныстар мен идеяларды талқылады, жас ғалымдардың зерттеу бастамаларымен бөлісті. Сессия қорытындысында жасанды интеллект саласындағы ғылыми-білім беру жобаларын одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар тұжырымдалды.