- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті филиалының жаңа оқу жылы ашылды.
Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті филиалының жаңа оқу жылы ашылды.
23 қазан, 2025
ҚазҰУ базасында орналасқан Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (СБПУ) филиалы жаңа оқу жылының ашылу рәсімін өткізді. Көпсалалы зерттеу университеті болып саналатын филиал 2024 жылдың қазан айынан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Мұнда факультетіміздің студенттері «Компьютерлік ғылымдар және технологиялар» мамандығы бойынша білім алуда.