ҚазҰУ-да Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараға университет ректоры Жансейіт Түймебаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, студенттер мен шетелдік қонақтар қатысты.
Жәрмеңке барысында факультет студенттері үшін тағамдар ұсынылды, патриоттық әндер шырқалды, зияткерлік ойындар өткізілді. Сондай-ақ қазақша күрес, асық ату, арқан тарту және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, факультетіміздің белсенді студенттері теледидармен марапатталды.