Факультетіміздің докторанты марапатталды
                        24 қазан, 2025                    
                
                Республика күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы, Түлектер қауымдастығының төрағасы Қайрат Мәми Scopus базасында ғылыми мақалалары жарияланған жас ғалымдармен кездесті.
Факультетіміздің докторанты Байпакбаева Салтанат та марапатталды. Жас ғалымымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым мен білім жолындағы жетістіктеріңіз мол болсын!