Факультетімізде Республика күні аталып өтті
                        25 қазан, 2025                    
                
                Факультетімізде Қазақстан Республикасының Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара ұлттық әнұранмен басталып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар студенттерге ашық тәрбие сағаттары өткізілді, олардың барысында елдің тарихы, тәуелсіздіктің маңызы және Қазақстанның дамуы туралы мағлұматтар берілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге патриоттық сезімді арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білім алушылардың қоғамдық белсенділігін ынталандыру болды.