ӨнерFarabi University

Өнер

27 қазан, 2025

29 қазан күні механика-математика факультетінің «Математика» мамандығының студенттері орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Анар Баратаевнамен бірге Museum of Arts (Өнер музейіне) барды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің мәдени дүниетанымын кеңейту, коммуникативтік дағдыларын дамыту және «Өнер» тақырыбы бойынша сөздік қорын байыту.

Экскурсия барысында студенттер мұражай экспозициясымен танысып, алған әсерлерін орыс тілінде талқылады және өздеріне ерекше ұнаған өнер туындылары туралы қысқаша ауызша есептер дайындады.

Бұл іс-шара студенттердің орыс мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және тақырыптық лексиканы практикалық қарым-қатынаста қолдануға ықпал етті.