Дәстүрді ұлықтау — рухани жаңғырудың негізі
30 қазан 2025 жыл
Оралқұл Әли Саинұлы жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Омирбекова Алия Омирбековнаның басшылығымен
«Alatau Hub» музейінде дәстүрді ұлықтауға арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты — ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, салт-дәстүрдің қоғамдағы маңызын насихаттау және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды жеткізу. Қатысушылар қазақ халқының бай дәстүрлерін, олардың тәрбиелік және мәдени мәнін талқылап, қазіргі заманмен үйлесімділігін атап өтті.
Музей кеңістігінде өткен бұл кездесу жастардың мәдени санасын арттыруға, тарихи жадты сақтау мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталды. Оралқұл Әли Саинұлының бастамасымен өткен шара ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам арасындағы рухани көпірге айналды.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және №4 — «Сапалы білім беру» бағыттарына үлес қосты.
.jpeg)