- Басты бет
- Жаңалықтар
- К.А. Ерғалиевтің «Денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі
К.А. Ерғалиевтің «Денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі
Куаныш Асылханович – Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде оқуды аяқтап, докторлық диссертациясын қорғаған алғашқы жерлестеріміздің бірі. Профессор Медицина және денсаулық сақтау факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін «Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект» тақырыбында қызықты дәріс оқыды, әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы жасанды интеллектті қолдану, үлкен көлемдегі мәліметтерді талдау принциптері бойынша халықаралық және отандық тәжірибе туралы білімдерімен бөлісті. Дәріс соңында профессор мен тыңдаушылар қызығушылық танытқан мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Жалпы, дәріске қатысушылар көптеген жаңа және пайдалы ақпарат ала алды.


Басқа жаңалықтар