- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ұлы ұстаздың асыл мұрасы – адамзаттың рухани биігі мен парасат төріндегі мәңгі шырақ екені тағы бір рет дәлелденді.
Ұлы ұстаздың асыл мұрасы – адамзаттың рухани биігі мен парасат төріндегі мәңгі шырақ екені тағы бір рет дәлелденді.
2025 жылдың 4 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби апталығы» аясында мазмұны терең, тағылымы мол «Әл-Фараби мұрасы – адамзат өркениетінің рухани қазынасы» атты дәріс өтті.
Аталған дәрісті Әл-Фараби орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы жүргізді. Ғалым өз сөзінде Әл-Фарабидің философиялық және ғылыми көзқарастарының мәнін ашып, оның еңбектерінің адамзат өркениетін дамытудағы айрықша орнын атап өтті. Сонымен қатар, Әл-Фарабидің ізгі қоғам, білім мен тәрбие, адамгершілік пен парасаттылық туралы ой-тұжырымдарының қазіргі замандағы өзектілігін жан-жақты талдады.

Дәріс барысында қатысушылар ұлы ғұламаның мұрасына терең үңіліп, оның идеяларының бүгінгі күнмен үндестігін сезінді. Студенттер мен оқытушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, рухани шабыт алды.
Бұл тағылымды шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, ғылым мен руханияттың тоғысуындағы Әл-Фараби мұрасының мәңгілік маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Басқа жаңалықтар