- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ АҒАРТУШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 140 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ОЯН, ҚАЗАҚ»!
ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ АҒАРТУШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 140 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ОЯН, ҚАЗАҚ»!
2025 жылдың 3 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ» атты дөнгелек үстел болып өтті.
Дөнгелек үстелде сөз алған т.ғ.к., аға оқытушы Е. Ноянов «1914 жылы 14 мамырда Міржақып Дулатұлы Омбы қаласында Ғайнижамал Баймұратқызымен отбасы құрды. Ақынның қызы Гүлнар Дулатованың естеліктері бойынша үйлену тойы Омбы қаласына жақын "Коломзино" станциясының мейрамханасында өтті. Тойдан кейін Дулатовтар бірден Орынбор қаласына аттанды. 1925-1928 жылдары Міржақып Дулатұлы ел астанасы - Қызылорда қаласында тұрған. Сол жерде бірнеше әдеби шығармасын жазды. Сол уақытта Міржақыптың үйіне қазақ зиялыларының белгілі өкілдері, ақындар, жазушылар, әртістер жиі келіп тұратын. Олардың ішінде Нәзипа Күлжанова, Ілияс Байменов, Әлиби Жанкелді, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Әлібек пен Әуелбек Қоңыратбаев және тағы басқалар. Қарсақбайдан Қаныш Сәтбаев да жиі қатынап тұрғандығы туралы қолжазбаларға сүйеніп студенттерге баяндап берді».
Дөнгелек үстел соңында, қаламгердің алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" болса, бір жылдан кейін "Бақытсыз Жамал" романы жарыққа шықты. 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы - ел тағдыры болғандықтан бүгінгі ұрпақты ұлтқа деген, отанға деген сезімдерін ояту еді.
Ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Ж.М.
Басқа жаңалықтар