Басқарма мүшесі тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор лауазымына байқау жарияланадыFarabi University

Басқарма мүшесі тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор лауазымына байқау жарияланады

5 қараша, 2025

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі Проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі басқарма мүшесі – проректор лауазымына кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:

  1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
  2. білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті саладағы уәкілетті органдарда басшылық қызметте кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

Конкурсқа осы тәртіпте көзделген талаптарға сәйкес келетін барлық үміткерлер, соның ішінде шетел азаматтары да қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар (қағаз және электрондық форматта):

  1. өтініш (2-қосымшаға сәйкес нысанда);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. үміткердің 3х4 өлшеміндегі түрлі түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі (3-қосымшаға сәйкес нысанда);
  4. білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері (түпнұсқаларымен салыстырып тексеру үшін):
  • Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде алған білім туралы құжаттарға - білім саласындағы уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлері мен өзара тану туралы халықаралық шарттардың әрекетіне жататын құжаттардан басқа;
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері оқуын аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген анықтаманың көшірмесін қоса ұсынады;
  • өзара тану және эквиваленттік туралы халықаралық шарттардың әрекетіне жататын білім туралы құжаттарға - білім саласындағы уәкілетті орган берген тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (жұмыс орнының кадр қызметі растаған);
  2. денсаулық жағдайы туралы №075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес), құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан кешіктірмей берілген;
  3. психоневрологиялық ұйымнан анықтама (құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан кешіктірмей берілген);
  4. наркологиялық ұйымнан анықтама (құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан кешіктірмей берілген);
  5. лауазым атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат (қылмыстық заңнамаға сәйкес).

Егер мемлекеттік органдар шектеу шараларын енгізсе, төтенше немесе форс-мажорлық жағдайлар туындаса (әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы), конкурсқа қатысушылар 7, 8 және 9-тармақтарда көрсетілген анықтамаларды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейі және беделі туралы қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы куәліктер, ғылыми дәреже мен атақ берілгенін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқа да кәсіби деректер).

Конкурсқа қатысуға жол берілмейтін тұлғалар:

  1. жасы жиырма беске толмағандар;
  2. бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар;
  3. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  4. медициналық арнайы мекемелердің есебінде тұрғандар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды белгіленген уақытта мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 71, Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: +7 701-801-86-88.

Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады.